13 сәуірге Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
13 сәуірге Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

13 сәуірге Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі.

  • 13 Сәуiр
  • 5
Фото: Caravan.kz

Синоптиктер 13 сәуірге Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады. Еліміздің бірқатар аймақтарында жаңбыр, найзағай, тұман, екпінді жел, кей жерлерде бұршақ пен шаңды дауыл болжанып отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжауынша Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз шығыста екпіні 15–18 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батыс пен оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батыс, солтүстік, шығыста тұман. Жел солтүстік-шығыстан, күндіз шығыста 15–20 м/с. Петропавлдатұман болады.

Қостанай облысының батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай. Батыс пен шығыста тұман. Қостанайда жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Павлодар облысында күндіз батыс, оңтүстік және шығыста жаңбыр, найзағай. Солтүстікте жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Қарағанды облысында күндіз шығыста жаңбыр, найзағай, түнде және таңертең батыс, солтүстік, шығыста тұман болады. Солтүстік пен шығыста жел 15–18 м/с. Батыс пен оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстікте тұман. Күндіз солтүстік пен шығыста жел 15–20 м/с.

Абай облысында да түнде және таңертең солтүстікте тұман, күндіз солтүстігі мен орталығында жел 15–20 м/с. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында күндіз таулы және тау бөктеріндегі аудандарда аздаған жаңбыр, найзағай. Солтүстік, батыс және орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта да жоғары өрт қаупі бар.

Жетісу облысында таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай, түнде және таңертең оңтүстігі мен орталығында тұман. Алакөл маңында жел 23–28 м/с-қа дейін күшейеді, кей сәтте 30 м/с-тен асады. Талдықорғанда тұман күтіледі.

Жамбыл облысында таулы аудандарда жаңбыр, найзағай, оңтүстігі мен тауда тұман. Жел 15–20 м/с. Батыс пен оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі бар.

Түркістан облысында күндіз солтүстікте жел 15–20 м/с, батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында күндіз орталығы мен солтүстігінде шаңды дауыл. Жел 15–20 м/с. Қызылордада да шаңды дауыл болжанған.

Ақтөбе облысында түнде солтүстік пен батыста аздаған жаңбыр, найзағай. Күндіз жел екпіні 15–18 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, түнде және таңертең тұман. Оралда жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі.

Атырау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз батыста кей жерде қатты жаңбыр мен бұршақ жауады. Атырауда да жаңбыр, найзағай, тұман болады.

Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз батыста қатты жаңбыр, бұршақ, шквал күтіледі. Солтүстік-шығысында шаңды дауыл. Жел 15–20 м/с, кей сәтте 23 м/с. Ақтауда жаңбыр, найзағай, күндіз қатты жаңбыр мен бұршақ болуы мүмкін.