Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
49 жастағы Недажда Қалымбетова Тайландта тұрады. Ол Батыс Қазақстан облысының тумасы. Ол басынан өткен оқиғаны желідегі парақшасында бөліп, елдің назарына ілікті.
«Мен 30 жыл қиналдым, енді қалған өмірімді соларға беремін. Әлі күнге дейін мені азаптап, таптап, өлтіріп, мені зорлаған төрт адам түк болмағандай өмір сүріп жатыр. Олар мені зорлап, азаптап, Жайық өзенінің жағасына тастап кеткен. Содан бері тыныш өмір сүре алмай келемін.
Қазір жасым — 50-ге келіп қалды. Зорланған кезімде жасым небәрі 17-18 жаста еді. Олар төрт ағамның жанында болмағанын пайдаланып кетті. Біреуі әскерге, біреуі оқуға кетіп, мен анаммен жалғыз қалғанын пайдаланды», — деді ол.
Осы оқиғадан кейін, отбасынан қолдау таппаған ол, 10 жыл бұрын Дубайға қоныс аударып, сол жақта қызметке тұрған.
«Балам бар, жұмысым бар, үйім бар. Пәтер ақшасын жұмыс істейтін компаниялардың өзі төлеп тұратын. Жеке өмірде басқа қарым-қатынас та болған жоқ. Болған сайын мен ішімдегі жарамды ешкімге айта алмадым, түсіндіру де қиын болды, сол ішімде әлі қалып қойған. Әлі де ауылдың қара қызы болып қалғанмын, ұятшыл, нәзікпін, қорқамын, ұяламын айтуға, бетке басып айта салатын күнім болмады. Мен неге қиналып жүруім керек? Неге олар әке, ана болып, құда-құдағи болып тайраңдап жүру керек? «, — деді ол.