"Бәріне күмәнмен қарай бермей, жақсылықты да көру керек": Гүлбану Әният Баян Алагөзова туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 457.21
  • 534.62
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бәріне күмәнмен қарай бермей, жақсылықты да көру керек": Гүлбану Әният Баян Алагөзова туралы

"Бәріне күмәнмен қарай бермей, жақсылықты да көру керек": Гүлбану Әният Баян Алагөзова туралы

Баян Алагөзова мен Тұрсын Алагөзов Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 млн теңге беремін деп, елдің назарына ілікті.

  • 29 Сәуiр
  • 14
Коллаж: Caravan.kz

Көпшілік оның бұл әрекетіне қолдау көрсеткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Баян Мақсатқызының әрекетіне қолдау көрсеткендердің бірі журналист Гүлбану Әниятқызы. Ол желідегі парақшасында бәріне күмәнмен қарауды доғару керек екенін жеткізді.

«Баян Алагөзова актриса Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 млн зейнетақыны өмірінің соңына дейін төлеуді ұсыныпты.

Баян “күйеуі Тұрсын екеуміздің атымыздан “ деді. Мықты екен.

Жақсылық жасап, көмек көрсетіп жатса “пиар”, “хайп” деп жатамыз ғой. Керісінше пейілі кең, ішкі мәдениеті жоғары, мәрт, жомарт жандар екенін тағы бір рет дәлелдегендей. Бәріне күмәнмен қарай бермей, жақсылықты да көре білу керек шығар», — деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі продюсер актриса Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 млн теңге беретінін айтқан еді.