Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы әнші «Шайдың қыздары» YouTube жобасында айтып берді.
«Өзімнің енем ауылға кеткеннен кейін, келінім: «Таңертең нешеде тұру керек?» дегенде, «Ұйқың қана берсін, тұрмай-ақ қойшы» дедім. Орамал басыңа тақпай-ақ қой, өйткені кіріп-шығып жүресің, Қазбекке, кәсіптеріне көмектесесің дедім.
Шашыңды жаңадан жуған болсаң, ол басылып қалады, қайтадан жуу керек болады, тақпай-ақ қойшы орамал дедім. Бірақ папасынан рұқсат сұрадым, орамал тақпаса бола ма деп. Папасы үндемеді.
Бірақ дастархан басында «енді орамал тақпай-ақ қойсын» десем, папасы жұқа орамалдар жоқ па?» дейді. Сонда орамал таққанын қалап тұр, бірақ меніңше баяғы заман емес, балалар өссін, дамысын деймін, үй шаруасымен байлағым келмейді десем, әпкелерім: «ең болмаса таңертең таңғы асыңды дайындасын, сосын жүре берсін» деп жатыр», — деді әнші.
Десе де оның бұл пікірін продюсер Гүлзира Айдарбекова қолдамады.
«Бастапқы келін болып түскен кезде, орамалмен әдемі көрінеді. Содан кейін, 2-3 балалы-шағалы болғаннан кейін, орамалын тастай ма, соған үйреніп қалғаннан кейін, намыстанып, өзі ыңғайсызданып тарта ма, оны өзі шешеді», — деді ол.