Қазақстанда көтерме газ бағасы өсуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда көтерме газ бағасы өсуі мүмкін

Қазақстанда көтерме газ бағасы өсуі мүмкін

Қазақстанда салаға инвесторлар тарту мақсатында газдың көтерме бағасы көтерілуі мүмкін

  • 8 Мамыр
  • 5
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Вице-премьердің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан газ барлау және оның қоры бойынша жетекші елдердің қатарына кірмейді, ал төмен бағалар салаға жеткілікті көлемде инвестиция тартуға кедергі болып отыр.

«Баға инвесторлар үшін ынталандырушы фактор әрі тартымды жағдай болып саналады. Сондықтан біз осы салаға инвесторларды тарту үшін газдың көтерме бағасын тағы бір мәрте көтеруге мәжбүр боламыз», — деді шенеунік бүгін өткен брифингте.

Ол, әйтпесе, газдың басқа себеппен — оны импорттау қажеттілігіне байланысты қымбаттауы мүмкін екенін атап өтті.

«Немесе газ басқа себептермен қымбаттайтын болады, өйткені біз оны сырттан импорттаймыз. Ал бізге газ импорттайтын елдер бізді аямайды. Олар біздің әлеуметтік саясатымызды ескермейді», — деді Жұманғарин.

Премьер-министрдің орынбасары сонымен қатар 1 шілдеден бастап көтерме тауарлық газдың бағасын 33 пайызға көтеру туралы энергетикалық кеңестің шешімі шыққанын хабарлады. Оның айтуынша, бұл шешімнің инфляцияға әсері шамалы болады.

«Бұл инфляцияның шамамен 0,16 пайызға, яғни 0,2 пайыз шегінде өсуіне алып келеді. Бұл үлкен әсер етпейді. Мен тек көтерме тауарлық газ туралы айтып отырмын», — деп нақтылады Жұманғарин.

Ол сондай-ақ бағаны көтеру саланың дамуы және халық үшін қолжетімді жағдайларды сақтап қалу үшін қажет екенін баса айтты.