"Қарсы шығатын топтар көп, "мафия" жетеді": Депутат Әбенов премьер орынбасары Нәлібаев туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қарсы шығатын топтар көп, "мафия" жетеді": Депутат Әбенов премьер орынбасары Нәлібаев туралы

"Қарсы шығатын топтар көп, "мафия" жетеді": Депутат Әбенов премьер орынбасары Нәлібаев туралы

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов жаңадан премьер орынбасары болып тағайындалған Нұрлыбек Нәлібаев туралы пікір білдірді.

  • 19 Мамыр
  • 9
Фото: Instagram/muratabenov

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды.

«Мен білетін Нұрлыбек Нәлібаевтің басқару әдісі сондай: сөз емес істің адамы, өндірістік жұмыстың көзін таниді, нақты талап қоя біледі, қатаң тәртіп сақтамаса қатал шара қабыллайды. 

Қызылордада нәтижеге жету құпиясы сол. Енді Президент сенім артып Үкіметке Бірінші вице-Премьер болып тағайындалғасын , енді республикалық деңгейде өз қабілетін мемлекеттік мақсатқа ел мүмкіндігін жұмылдыру керек. Әрине қарсы шығатын топтар пайда болуы мүмкін. 
“Мафиялар” жетеді… Қоғам болып қолдап қояйық. 

Сосын тағы бір ой — Үкімет басында осылай таза қазақша ойын жеткізетіндер көбейсін. Сонда қоғам биліктің іс әрекетін түсінеді, бірге маұсатқа жетуге атсалысады», — деп жазды ол.