”Мақтаншақ, дарақы ата-аналарға мектеп директоры, завучтар тоқтау салу керек” - Сәуле Әбілдаханқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Мақтаншақ, дарақы ата-аналарға мектеп директоры, завучтар тоқтау салу керек” - Сәуле Әбілдаханқызы

”Мақтаншақ, дарақы ата-аналарға мектеп директоры, завучтар тоқтау салу керек” - Сәуле Әбілдаханқызы

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы соңғы қоңырауда балаларына үйіп-төгіп гүл таратқан ата-аналарды қатаң сынға алды.

  • 26 Мамыр
  • 43
Instagram/Сәуле Әбілдаханқызы

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Сөзім жоқ…
Топастық… Балаларына сыйлықты үйінде беруге санасы жетпеген мақтаншақ, дарақы ата-аналарға мектеп директоры, завучтар тоқтау салу керек қой. «Соңғы қоңырау» деген салтанатты жиын сенің сыйлық беріп мақтанатын жеке мерекең емес, сыйлығыңды үйінде бер, айналайын» деп тоқтатпай ма? Министрлік, білім бөлімдері қалайша мұндайға жол беріп отыр? Жалпы, осындай адамдардың санасыздыңына дарақылық қосылып, солар қоғамды тұңғиыққа сүйреп бара жатыр… Құдай артының қайырын берсін”, — деп жазды журналист.