Қазақстандағы АЭС жобасының құны шамамен 16,4 млрд доллар   - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы АЭС жобасының құны шамамен 16,4 млрд доллар  

Қазақстандағы АЭС жобасының құны шамамен 16,4 млрд доллар  

Шамамен 14,4 млрд доллар энергоблоктар құрылысына жұмсалады.

  • 28 Мамыр
  • 4
Фото: ЖИ

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасының жалпы құны шамамен – 16,4 млрд доллар.

Агенттік мәліметінше, қаражаттың негізгі бөлігі энергоблоктар құрылысына бағытталады.

Негізгі қаражаттың басым бөлігі, яғни шамамен 14,4 млрд доллар энергоблоктар құрылысына жұмсалады. Тағы 2 млрд долларға жуық қаражат инфрақұрылымға, қауіпсіздік жүйелеріне және кепілдік кезеңіне арналған отынға бағытталады. Жобаның жалпы көлемі шамамен – 16,4 млрд доллар, – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің келіссөздері қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында атом электр станциясын салу жобасы бойынша ынтымақтастық қағидаттары туралы келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ АЭС жобасын қаржыландыру үшін Қазақстанға Ресей мемлекеттік экспорттық кредитін беру туралы жеке келісім мақұлданды.

Қазақстандағы алғашқы АЭС ресейлік ВВЭР-1200 жобасы негізінде салынады.