Еліміздегі жұмыссыздарға үкімет тарапынан қандай көмек беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі жұмыссыздарға үкімет тарапынан қандай көмек беріледі

Еліміздегі жұмыссыздарға үкімет тарапынан қандай көмек беріледі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев үкіметте 2026 жылғы 2 маусымда өткен баспасөз мәслихатында еліміздегі жұмыссыздық бойынша тағайындалатын жәрдемақыны төлеу мерзімін қысқарту жоспарына қатысты түсініктеме берді

  • 2 Маусым
  • 4
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу мерзімін алты айдан төрт айға дейін қысқарту жоспарда бар. Журналистер министрден мұның қаншалықты орынды-орынсыз екенін сұрады.

«Бізде пандемияға дейін төрт ай болған, яғни біз осы мерзімге қайта ораламыз (шамамен ескі нормаға – ред.). Электрондық еңбек биржасында айына 117 мың бос жұмыс орны орналастырылады. Сондықтан ұзақ уақыт жұмыссыз жүру мүмкін емес және біз бұл арада мерзімді қысқартып қана қоймай, осы кезеңде жұмыссыз азаматқа оның мамандығы бойынша бірқатар ұсыныстар ұсынамыз», – деді Асқарбек Ертаев.