"Айуандық жасаған еркектер қайда, жазасын алсын": Төрт еркек зорлап, жүкті еткен БҚО-лық келіншек енді жанұшыра қызын іздеуге кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Айуандық жасаған еркектер қайда, жазасын алсын": Төрт еркек зорлап, жүкті еткен БҚО-лық келіншек енді жанұшыра қызын іздеуге кірісті

"Айуандық жасаған еркектер қайда, жазасын алсын": Төрт еркек зорлап, жүкті еткен БҚО-лық келіншек енді жанұшыра қызын іздеуге кірісті

Батыс Қазақстан облысының тумасы Наташа Қалымбетованы өз ауылының төрт жігіті зорлап, жүкті еткен.

  • 3 Маусым
  • 6
Фото: Instagram/kyn.kz

Әділдік іздеген келіншек енді перзентханада қапыда айырылып қалған қызын іздейді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Естеріңізде болса, желіде 1994 жылы БҚО-дағы ауылдардың бірінде болған қазақ қызының жантүршігерлік оқиғасы тараған еді. Наташа Қалымбетова атты осы ауылдың тумасын өз ауылының 4 бірдей жігіті 17 жасында зорлап, Жайық жағасында тастап кеткен.

Келіншек осы жағдайдан соң өзінің аяғы ауыр екенін білген. Сөйтіп ол сол жылы Оралдағы педагогикалық колледжге оқуға түскен.

«Мен сол кезде өзіммен бірге бір бөлмеде тұратын қыздардың аттары, тіпті олардың қай жақтан екенін де білемін. Бірақ не олар, не мұғалімдерден қолдау көрмедім. Қараша айынан бастап мен түсік тастай жаздап, перзентханада сақтанып жаттым. Сөйтіп аман-есен босандым, 9 күн бойы қызымды өзім еміздім. Бірақ маған перзентханадан шығуға тура келді, барар жер, басар тауым болмаса да, сол күнгі қара суықты мен ешқашан ұмытпаспын», — деді ол.

Оның айтуынша сол айларда оған анасы тек бір рет қана келген және небары 7 минут сөйлескен. Сондай-ақ ол қызына дәрігерлерге қызының айтқанын істеуін сұраған. Сөйтіп жас қыз дәрігерлердің «қыздан бас тартамын» деген қағазына білместен, қол қойып жібереді. Ол тоғыз ай бойы іштегі баланы жек көргенін мойындайды. Алайда 9 күн бірге болған уақытта оған бауыр басқанын айтады.

Алайда, амал жоқтықтан баласын балалар үйіне қалдырып, оқуын жалғастырады. Үш жыл қызымен тіпті араласып та тұрған. Алайда соңғы рет барғанда, оның қызы ізім-ғайып жоқ болады. Қазір ол қызымен қауышуды армандайтынын айтып, оны жанұшыра іздеп жатқанын мәлімдеді.