"2 апталық курс бітіргендердің дәурені бітті": Асхат Аймағамбетов жалған психологтар мен коучтар туралы cүйінші жаңалығымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 "2 апталық курс бітіргендердің дәурені бітті": Асхат Аймағамбетов жалған психологтар мен коучтар туралы cүйінші жаңалығымен бөлісті

 "2 апталық курс бітіргендердің дәурені бітті": Асхат Аймағамбетов жалған психологтар мен коучтар туралы cүйінші жаңалығымен бөлісті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов желіде сүйінші жаңалығымен бөлісті.

  • 25 Маусым
  • 4
Фото: Instagram/aimagambetov

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Депутат жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті.

«Жалған психологтардың дәурені бітті. Бүгін біздің «Психологиялық қызмет туралы» авторлық заңымыз Сенаттан сәтті өтіп, Президенттің қол қоюына жіберілді.

Бұған дейін қалай еді?

Күйзеліске түскен адам Инстаграмнан әдемі парақшасы мен күмәнді сертификаты бар «маманды» тауып, соңғы ақшасын санап берсе де, жағдайы тек нашарлай түсетін. Мыңдаған адамның, отбасының тағдырын күл-талқан етті. Сала заңмен реттелмегендіктен, олар ешқандай жауапқа тартылмайтын. Енді бұл өзгереді.

Заңның басты бағыттары:

1. Дипломсыз және реестрсіз психолог болмайды. Енді арнайы жоғары білімі (дипломы) жоқ және бірыңғай мемлекеттік реестрге тіркелмеген адамдарға өзін «психолог» деп атауға заңмен тыйым салынады. Кез келген азамат маманның реестрде бар-жоғын оңай тексере алады. Реестрде жоқтардың қызмет көрсетуге құқығы болмайды.

2. «Психо» атауын жамылып алдауға жол берілмейді. Дипломы жоқ “мамандар””тренерлерге” өз жарнамасында «психолог» сөзін, сондай-ақ одан туындайтын кез келген атауларды (мысалы, «психо-коуч», «психо-кеңесші») қолдануға ресми түрде тыйым салынады. 2 апталық курсты бітіргендердің дәурені бітті.

3. Онлайн-жарнама бақыланады. Психологтар әлеуметтік желіде өздерінің реестрдегі нөмірін көрсету керек», — деді ол.

Айта кетейік, бүгін Сенатта қабылданған жаңа заң, енді Президент қол қойған соң, қз күшіне енеді.