"Қалай сенерімді білмеймін": Туған баласы мен әйелі өртеп жіберген полицейдің қарындасы оқиға туралы өз шындығын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қалай сенерімді білмеймін": Туған баласы мен әйелі өртеп жіберген полицейдің қарындасы оқиға туралы өз шындығын айтты

"Қалай сенерімді білмеймін": Туған баласы мен әйелі өртеп жіберген полицейдің қарындасы оқиға туралы өз шындығын айтты

Алматы облысында өз баласы мен әйелі өлтірді деп күдікке ілінген марқұм полицейдің қарындасы оқиғаға қатысты өз шындығын айтты.

  • 29 Маусым
  • 58
Фото: Instagram/aidana.bekbolatova

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Марқұмның қарындасы бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеген.

«Бүгін міне 3 күн Ағатай! Сенің жоқтығына қалай сенерімді де білмеймін. 3 күн қол жайып таң намазымен дұға жасап басыңа барғаныма, жатқан жерің жайлы болсын! Жаның жай тапсын! Мәңгіге есімде жүрегімде, балапандарың аман болсын!

Қаншама фото видео қарасам отбасыңның қасында қорған болғаның балапандарыңды дамытып жүргеніңді көруге болады! сен туралы кітап жазуға болады… сенімен бір сәт тілдескен адамның өзі жақсылығыңды айтып кетті #легенда қайтып сенейін! Сенің кең жүрегіңе ӘЛЕМ сыйғанын қайдан білейін, өз салаңда да өз ортаңда да жақын туыста да тіпті бір көрген адамыңның өзіне дейін жақындастырып кеткенің оған дәлел», — деп жазды ол.