Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жамбыл облысында қуаты 1 Гигаватт (ГВт) болатын жел электр станциясының құрылысы ресми түрде басталды.

Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысы басталды
© Пресс-служба Минэнерго Казахстана
Құны шамамен 1,4 миллиард АҚШ долларына тең жоба оңтүстік өңірлердегі электр энергиясы тапшылығын реттеуге бағытталған. Құрылыс алаңына салтанатты капсула салу рәсімі телемост форматында өтті.
Жоба туралы не белгілі?
Электр станциясы бастапқы кезеңнен-ақ қуаты 300 МВт, сыйымдылығы 600 МВт/сағат болатын заманауи энергия жинақтау жүйесімен жабдықталады.
Ауа райы құбылғанда немесе кешкі ең жоғары жүктеме кезінде де электр станциясы энергияны бірыңғай электр желісіне тұрақты әрі сенімді түрде бере алады.
Электр станциясы атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының көлемін жыл сайын 2,5 миллион тоннаға азайтады.
Жел электр станциясын толық көлемде коммерциялық пайдалануға беру 2029 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.
Консорциумның инвесторлары мен акционерлері ретінде БАӘ-нің таза энергетика саласындағы жетекші компаниясы Masdar (үлесі 40%), W Solar құрылымы (40%), сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорының құрамындағы «Qazaq Green Power» компаниясы (18%) және Қазақстанның инвестициялық даму қоры – KIDF (2%) қатысады.
Қол қойылған келісімге сәйкес, инвестор 400 тұрақты жұмыс орнын ашады, қазақстандық мамандарды оқытып, олардың біліктілігін арттырады. Сондай-ақ өндірісте заманауи технологиялар мен жаңа тәжірибелер енгізіледі.
Бұдан бөлек, компания 2028–2038 жылдар аралығында Алматы облысындағы жергілікті қауымдастықтарды қолдау және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін жыл сайын 50 млн теңге бөлуді көздеп отыр.