Әлем чемпионатында Өзбекстан мен Португалия ойнап жатыр. Ешкімнің намысы оянбады - Ермұхамед Мәулен - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем чемпионатында Өзбекстан мен Португалия ойнап жатыр. Ешкімнің намысы оянбады - Ермұхамед Мәулен

Әлем чемпионатында Өзбекстан мен Португалия ойнап жатыр. Ешкімнің намысы оянбады - Ермұхамед Мәулен

Танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен қазақ футболындағы қазіргі ахуалға қатысты пікір білдіріп, ұлттық құраманың нәтижесіне әсер етіп отырған факторлар туралы ойын айтты.

  • 1 Шiлде
  • 82
Фото: instagram.com/kff_team

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол «Бірінші бол» ютуб арнасына берген сұхбатында саладағы бірлік пен ортақ мақсаттың маңызын атап өтті.

«Біздің қазақ футболы жік-жікке бөлініп кеткен кландардан тұрады. Семей жақта басқа клан, оңтүстікте басқалар, солтүстікте де бөлек жұмыс істейтіндер бар. Әрқайсысы футболда орны бар адамдар. Солар бірікпей, бес саусақ болып жұдырық болмай Қазақстан ұлттық құрамасы да жетістікке жетпейді, футбол да дамымайды. Бір-бірін түртпектеп, шұқылап, жұмыстан алып тастап, бапкерлерді ауыстырып, осындай идеология жүргізіп отыр. Шындығы осы. Оған ешкімді кінәлауды қажеті жоқ. Бірақ бұл бір күні тоқтау керек. Бір адам келіп, «Жігіттер, қояйық, не жетпей жатыр. Ақша болса, бөлісіп алайық» деу керек қой. Қазақ футболындағы ащы шындықтарды біліп, жаным ашығаннан кейін айтып отырмын. Кландарды біріктіретін адам керек. Түбінде қазақ футболына ақша салған, академия салған Қайрат Боранбаевтікі дұрыс. Ешқандай тартысқа да араласпады. Сол кісінің идеологиясын қолдаймын», — дейді ол.

Сондай-ақ, ол Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатына шыққанына қатысты да өз ойын айтты.

«Ешкімнің намысы оянбады. Әлем чемпионатында Өзбекстан мен Португалия ойнап жатыр. Журналистер жылы жауып қойып отырмыз. Сонда бір адам мінберге шығып. Парламент қабырғасынан, ең болмаса подкастқа шығып, «30 жыл бойы қай жерден қате жібердік» деп неге айтпады?! Олар шықты, біз шықпай қалдық. Осыншама ақша салдық, ресурсымыз бар, адами капиталымыз зор. Неге соны бір адам жылататындай етіп айта алмады?! Намыс жоқ. Қазақ футболын ойлайтын адам жоқ», — дейді Ермұхамед Мәулен.