”Патриархат қатты тоңқайтқан”: Танымал журналист “күйеуін қаламайтын” әйелдер туралы айтқан уағызшыны қатаң сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Патриархат қатты тоңқайтқан”: Танымал журналист “күйеуін қаламайтын” әйелдер туралы айтқан уағызшыны қатаң сынға алды

”Патриархат қатты тоңқайтқан”: Танымал журналист “күйеуін қаламайтын” әйелдер туралы айтқан уағызшыны қатаң сынға алды

Журналист Перизат Мырзахмет “күйеуін қаламайтын” әйелдер туралы айтқан Данияр Кенжеұлын қатаң сынға алды.

  • 1 Шiлде
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Telegram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Тредсте «еркегіне сұрағанын бермеген әйел» тақырыбы қозғалып жатыр екен. Надандықтың Гималайы ма, жоқ Мариана шұңғымасы ма…

Айтарым: әйел жат дегенде жата салатын қуыршақ емес. Әйел де сексті қалайды. Қалағанда да кәдімгідей өртеніп қалайды. Бірақ өртендім екен деп жұрттың мазасын қашырмайды. 

Әйелдің серіктесін қаламауы – салдар. Сенің серіктес ретінде нөл болуыңның салдары. Себеп — не физикалық, не моральдық, не психологиялық сүмелексің. Сол кезде әйел сенен мәңгілікке жабылады. Оны хадиспен, гүлмен, тоқалмен, құлпынаймен, саяхатпен ашу мүмкін емес. Ұялғаннан, қорыққаннан, қажығаннан ашылуы мүмкін. Бірақ тәні ғана. Ар жағы қанша «сим-сим ашыл» деп жалынсаң да ашылмайды. Тас құшақтап жатасың. 

Еркек қана қалайды, еркек қана алады деген догма бастарыңда өмір сүрсе, біттім дей беріңдер. Осы жерде сендерді патриархат қатты тоңқайтқан. Көнген әйел – сүйген әйел емес. Ал көнген әйелдің беруі мен сүйген әйелдің беруінің арасы жер мен көктей”, — деп жазды журналист.

Естеріңізге сала кетейік, дін маманы Данияр Кенжеұлы “күйеуін қаламайтын” әйелдерді қатты сынға алған еді.

”Ауырып тұрмасаңыз, етеккір болмасаңыз төсектен бас тарту — ауыр күнә. Өкінішке қарай, қазір көпшілік әйелдерде осы проблема. Күйеуін жанына жолатпайтын әйелдер өте көп. Дайректке маған ер адамдардан осындай хаттар ағылып келеді. Күйеуі асырап жатыр, баспана, киім-кешегін беріп отыр, бірақ әйелі өзі қаламағандықтан жақындаспайды. Сөйте тұра басқа әйел алам десе қарсы болады. Баламен манипуляция жасайды. Бейшара еркек соңында қолын қатын қылады. Әйелдер қауымы! Құдайдан қорқыңдар! Еркегіңіз мұндай жағдайда мазлұм, ал сәз залымсыз! Залымның дұшпаны — Алла! Ақысын бере алмайсыз ба, ажырасып баланы қалдырып өз жөніңізбен кету керек”, — деп жазды Данияр Кенжеұлы.

Screenshot