“Келіннің жылап келгені мен “шешесі Ләйләнің істеп жүргені” деген әңгіме керек емес”: Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарын қалай тәрбиелейтінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Келіннің жылап келгені мен “шешесі Ләйләнің істеп жүргені” деген әңгіме керек емес”: Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарын қалай тәрбиелейтінін айтты

“Келіннің жылап келгені мен “шешесі Ләйләнің істеп жүргені” деген әңгіме керек емес”: Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарын қалай тәрбиелейтінін айтты

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарын тәрбиелеуде қандай қағидаларды ұстанатынын айтып, отбасы құндылықтары туралы ойымен бөлісті.

  • 1 Шiлде
  • 4
Фото: instagram.com/sultankyzy

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, қазіргі қоғамда ажырасу қалыпты құбылыс ретінде қабылдана бастағанын мәлімдеді.

«Байқап жүрсіздер ғой, қазір үлкенге де кішіге де ажырасу оп-оңай, ешкім сынамайды, жөнге салмайды, татуластыру тіпті жоқ. Демократия осы екен, бұл қалыпты жағдай деп қабылдаймыз. 
Ерлі-зайыптылар бір-бірін емес, бір-бірінің ата-анасымен күресіп кететін жағдайлар көп. Бірі ананы кінәлайды, бірі келінді, бірі баланы. Бірақ шындық көбіне ортасында. Кейде ата-ана ұлын тым аялап өсіреді.
Кейде әйел ер адамның жауапкершілігін өз мойнына алып қояды.
Кейде ер адамның өзі есеюге асықпайды.

Мәселе «сыночка-корзиночкада» емес. Мәселе – ересек адамның ересек жауапкершілікті алуға дайын болмауында. Ұлға да, қызға да қалдыратын ең үлкен мұрамыз – ақша емес, жауапкершілік, дербестік және отбасы құндылығын түсіндіру. Қалай? Өз іс-әрекетіңмен. Сөзбен емес», — деп жазды ол. ё

Сондай-ақ, ол болашақта келіндерінің өкпемен жылап келмегенін қалайтынын жеткізді.

«Өз тәжірбиемде ұлдармен бірге өткізер сәттеріміз азайып барады. Ұлдармен айтылмайтын тақырып көбейіп барады. Ортадағы шекара қалыңдап, “жеке” мәселелері көбеюде. Махаббат тек сүйісу мен қол ұстасып қыдыру емес екенін өз тәжірибелерінде түсінген.

Қазір, тағы жа өз тәжірибемнен ұлдарға не жедің, не кидің, нәскиің таза ма, есікті құлыптадың ба, көлік жуылды ма, шеге қағылды ма емес жазда жоспарда ақша табу бар ма, ұсыныстар іздедің бе, чекап қашан өтесің, ана туысқа көңіл айттың ба деген сұрақтарға алмастырудамын. Маған ертең «сыночка-корзиночкаларың ренжітті» деп келіннің жылап келгені мен “шешесі Ләйләнің істеп жүргені” деген әңгіме керек емес!», — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.