«Qolqanat» акциясы аясында 1200 отбасы азық-түлік және тұрмыстық қажеттілік жиынтықтарымен қамтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Qolqanat» акциясы аясында 1200 отбасы азық-түлік және тұрмыстық қажеттілік жиынтықтарымен қамтылады

 «Qolqanat» акциясы аясында 1200 отбасы азық-түлік және тұрмыстық қажеттілік жиынтықтарымен қамтылады

 «Qolqanat» акциясы аясында 1200 отбасы азық-түлік және тұрмыстық қажеттілік жиынтықтарымен қамтылады

  • 2 Шiлде
  • 4
Фото: fnn.kz

Қазақстанның 10 өңірінде «Qolqanat» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Игі бастаманы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Madeni Qazyna Qory» қоғамдық қоры бірлесіп қолға алған.

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz

Акция аясында Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарындағы 1200 отбасыға бірінші кезекте қажетті азық-түлік пен тұрмыстық тауарлардан тұратын жиынтықтар таратылады.

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz

Көмек алушылар қатарында көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар мен әкелер, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, ерекше қажеттілігі бар азаматтар, зейнеткерлер және жалғыз тұратын қарт адамдар бар.

Фото: fnn.kz

Әр жиынтыққа макарон өнімдері, ұн, қант, күріш, түрлі жармалар, өсімдік майы, бұқтырылған ет, шай, тәттілер, көкөністер, сондай-ақ жеке бас гигиенасына арналған құралдар мен тұрмыстық химия өнімдері енгізілген.

Фото: fnn.kz

Өңір тұрғындары мұндай қолдау үшін алғыс айтып жатыр. «Бізге көңіл бөліп, қолдау көрсеткендеріңізге рақмет! Мен мүмкіндігі шектеулі ұл тәрбиелеп отырған жалғызбасты анамын. Бұл біз үшін үлкен көмек. Берілген азық-түлік пен тұрмыстық заттар бірнеше айға жетеді», – дейді Павлодар қаласының тұрғыны.

Фото: fnn.kz

«Біз жәрдемақымен күн көреміз. Ата-анамыз да аздап көмектеседі. Сал ауруына шалдыққан ұлыма дәрі-дәрмек сатып алып, коммуналдық қызметтің ақысын төлеймін. Басқа қажеттіліктерге қаржы әрең жетеді. Сондықтан азық-түлік түріндегі мұндай қолдау біз үшін өте маңызды», — дейді тағы бір павлодарлық тұрғын.

Фото: fnn.kz