Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 24 634 жеңіл электромобиль тіркелген.
«12 айда олардың саны 55,6% артты. Бір жыл бұрын елімізде 15 835 электромобиль есепте тұрған болатын».ҚР Ұлттық статистика бюросы
Ең көп электромобиль Алматы қаласында тіркелген. Қала үлесіне елдегі барлық электромобильдердің 62% тиесілі – 15 280 құрайды.
Саны бойынша көшбасшы өңірлер үштігіне сондай-ақ Астана қаласы (2 885 бірлік) мен Алматы облысы (1 589 бірлік) кіреді.
Электромобильдер Қазақстанның барлық өңірлерінде тіркелгенімен, өңірлер бойынша таралуы біркелкі емес. Ең төмен көрсеткіш Абай облысында – 78 бірлік және Ұлытау облысында – 41 бірлік тіркелді.