Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2,2 млрд доллардан асты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2,2 млрд доллардан асты

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2,2 млрд доллардан асты

Қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігінде қалды

  • 7 Шiлде
  • 5
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің ақпаратына сай, бес айда елдің сыртқы сауда айналымы 32,8 млрд долларға теңеліп, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға өсті. Қаңтар-мамырда көршілес мемлекет әлемнің 185 елімен сауда-саттық жасады.

Өзбекстанның негізгі сауда серіктестері көшін Қытай бастап тұр. Екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7,6 млрд доллардан (жалпы көлемнің 23,4%) асты.

Ал сауда-саттықтың 17,6%-ы Ресейдің үлесіне тиесілі. Бұл елмен арадағы экспорт-импорт көлемі 5,7 млрд доллардан артық.

Сондай-ақ көшбасшылардың үштігін Қазақстан түйіндейді. Ресми Астана мен Ташкент арасындағы тауар айналымы 2,2 млрд доллардан (6,9%) асты. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 945 млн долларға көп. Қамтылып отырған кезеңде Өзбекстан 573,7 млн доллардың тауарын экспорттап, 1,6 млрд доллардан астам сомаға өнім импорттаған.