Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Елорда күні – 6 шілдеде еліміздің медициналық ұйымдарында 448 сәби дүниеге келді.
Оның ішінде 223 ұл және 225 қыз бар. Мереке күні Қазақстанда екі егіз дүниеге келді, олардың екеуі де Астана қаласында туған.
Ең көп нәресте:
Түркістан облысында — 67 сәби;
Алматы қаласында — 44 сәби;
Шымкент қаласында — 40 сәби;
Алматы облысында 40 сәби дүниеге келді.
«Босандыру қызметін көрсететін медициналық ұйымдардың мамандары тәулік бойы жүкті, босанатын әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз еттті», — дейді Денсаулық сақтау министрлігі.
Жаңа туған нәрестелер мен олардың аналарына зор денсаулық, амандық, бақ-береке және жарқын болашақ тілейміз, дейді министрлік.