Қазақстан автожолдарында "ақылды" камералар сынақтан өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан автожолдарында "ақылды" камералар сынақтан өтіп жатыр

Қазақстан автожолдарында "ақылды" камералар сынақтан өтіп жатыр

Құрылғылар жолдағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылап, деректерді тиісті қызметтерге жеткізеді

  • 8 Шiлде
  • 3
Фото: ҚазАвтоЖол

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан автожолдарында «ақылды» камералар сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде жүргізушілер автожолдар бойындағы ерекше құрылғылардың суреттерін бөлісіп, түрлі сұрақтар қоя бастаған болатын.

Бұл – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жол саласын цифрландыру аясында енгізіп жатқан жасанды интеллект элементтері бар жаңа бейнеаналитика жүйесі.

«Жүйенің басты ерекшелігі – автономды жұмыс істеуі. Яғни құрылғылар әдеттегі инфрақұрылым жоқ шалғай жол учаскелерінде де қызмет ете алады. Ол үшін камералар күн панельдерімен және жел генераторларымен жабдықталады», — дейді компания.

Құрылғылар күн мен желден қуат алып, жолдағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылап, деректерді тиісті қызметтерге жеткізеді, деййді ҚазАвтоЖол.

Жасанды интеллект жолдағы ықтимал қауіпті жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді.