Трамптың мәлімдемесі мұнай бағасын бірден шарықтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Трамптың мәлімдемесі мұнай бағасын бірден шарықтатты

Трамптың мәлімдемесі мұнай бағасын бірден шарықтатты

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы бітімді бұдан былай жарамды деп санамайтынын мәлімдегеннен кейін, мұнайдың әлемдік бағасы күрт көтерілді

  • 8 Шiлде
  • 2
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Лондон биржасындағы Brent эталондық маркалы мұнайының қыркүйектегі фьючерстері санаулы минуттар ішінде бір баррель үшін шамамен 76 доллардан 78 долларға дейін қымбаттады.

WTI маркалы мұнайдың тамыздағы фьючерстері 5,3 пайызға өсіп, 74,14 долларға жетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп өзі үшін Иранмен арадағы оқ атуды тоқтату режимі бұдан былай күшінде емес екенін мәлімдеді. Сонымен қатар Америка көшбасшысы Иран басшылығын өтірік айтты деп айыптап, уағдаластықтарға қол жеткізілгеннен кейін Тегеран өкілдері келіссөздер жүргізілгенінің өзін көпшілік алдында жоққа шығарғанын айтты.

Неге бұл Қазақстан үшін маңызды?

Бұған дейін мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Исмаилов мұнай бағасы бюджет кірісіне, Ұлттық қор жағдайы және теңге бағамына әсер ететінін айтқан болатын. Мұнай нарығындағы тұрақсыздық экономика үшін тәуекелдерді күшейтеді. Бағаның күрт құбылуы инфляцияға, инвестициялық белсенділікке және қаржы нарықтарына әсер етеді. Мұнай кірістеріне тәуелділік елді сыртқы соққылар алдында осал етеді.

Бұл ретте 2026–2028 жылдарға арналған бюджетте базалық параметрлер бекітілген: мұнай бағасы барреліне 60 доллар деңгейінде және доллар бағамы 540 теңге. Экспорттық кірістер, әлеуметтік төлемдер және мемлекеттік шығыстар дәл осы бағдарлар негізінде есептеледі.