"Ел игілігі үшін": Аша Матай өзін сынағандарға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ел игілігі үшін": Аша Матай өзін сынағандарға жауап берді

"Ел игілігі үшін": Аша Матай өзін сынағандарға жауап берді

Танымал әнші күні кеше өзін Қазақстан Халық партиясы тізіміне енгенін хабарлаған еді. Көпшілік әншілердің депутаттыққа үміткер болуына қарсы шығып жатыр.

  • 8 Шiлде
  • 3
Фото: Instagram/asha_matai

Осыған орай, өнер иесі не үшін партия қатарына кіргенін түсіндірді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Әнші өз пікірімен желідегі парақшасында бөлісті.

«Қазақстан Халық партиясының съезіне қатыстым. Бұл мен үшін жай ғана ресми іс-шара емес, саналы түрде қабылданған маңызды қадам. Мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізіміне енгізілдім. Бұл – үлкен жауапкершілік.

Маған партияның әлеуметтік әділеттілік, азаматтардың мүддесін қорғау және қоғаммен ашық диалог орнату қағидаттары жақын. Бұл – мен кәсіби қызметімде де, өмірлік ұстанымымда да басшылыққа алатын құндылықтар.

Медиа және шығармашылық саладағы маман ретінде өз тәжірибеммен әріптестеріммен бөлісуге, команданың жұмысын күшейтуге және партияның коммуникациялық бағытын дамытуға үлес қосуға дайынмын. Сонымен қатар мен үшін тек өз үлесімді қосу ғана емес, жаңа сын-қатерлерді қабылдап, үнемі білімімді жетілдіріп, кәсіби тұрғыдан өсу де маңызды.

Тек жүйелі еңбек, адалдық және халықпен тікелей байланыс арқылы ғана нақты нәтижеге қол жеткізуге болады деп сенемін. Ең бастысы – еліміздің игілігі үшін қызмет ету», — деп жазды ол.