Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазды kaz.inform.kz
Министрдің айтуынша, мұнай өндіру көлемін арттыру мақсатында қазіргі уақытта ірі жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
– Қашаған кен орнында бұған дейін қысқарған өндіріс көлемінің орнын толтыру үшін жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары кейінге шегерілді. Бұл 2 млн тоннаға дейін мұнай өндіруге мүмкіндік береді, – деді Ерлан Ақкенженов.
Министрдің сөзінше, биыл мұнай өндіру бойынша жалпы шығын көлемі 4,9 млн тоннадан 3,3 млн тоннаға дейін қысқартылған.
— Жалпы, осы жылы мұнай өндіру көлемі 98 млн тонна болады деп болжанып отыр. Ал алты айдағы көрсеткіш 8,98 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштің 97,9 пайызын көрсетті, — деді ол.
Айта кетейік, мұнай бағасы бір аптада 10%-дан астам өсті.