"Жүрегім тарсылдап тұр, отаға жатамын": Айгүл Иманбаеваға шұғыл ота жасалады - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жүрегім тарсылдап тұр, отаға жатамын": Айгүл Иманбаеваға шұғыл ота жасалады

"Жүрегім тарсылдап тұр, отаға жатамын": Айгүл Иманбаеваға шұғыл ота жасалады

Танымал актриса Айгүл Иманбаева отаға жататынын айтып, елді дүрліктірді.

  • 15 Шiлде
  • 5
Фото: Instagram/Айгүл Иманбаева

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әншінің айтуынша, ол ота жасату үшін, Алматыға арнайы келген.

«Достар, қалайсыздар, мен бүгін отаға жатуым керек еді. Жата алмай қалдым. Себебі, менің кейбір анализдерім дұрыс болмай, оны қайта тапсыру керек болдым. Анестезиолог, хирург та анализді қайта тапсыруға кеңес берді.

Ол кісілердің жұмысы ұнады, анализдерім соншалықты қорқынышты емес, қалыпты болып тұр. Бірақ соған қарамастан, анализді қайта тапсырып, 100 пайыз сенімді болу керектігін айтты. Жауапкершілік, денсаулық, өмір деп айтып жатыр.

Сонымен бүгін қайта тапсырдым. Алматыға операцияға деп келген адам, шай ішіп отыр. Жүрегім тарсылдап тұр, бәрі жақсы болсын», — деді актриса.

Көпшілік өнер иесінің денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, жылы тілектерін жаудырып жатыр.

«Аман жүріңіз, ауырмаңыз», «Денсаулықты күтіңіз, қалғанының бәрі ештеңе емес», «Тездетіп сауығып кетіңіз, тілектеспіз» деп жазып жатыр олар.