Кеденде 20 жыл жатқан Шагалдың туындысы Франциядағы мұражайға тапсырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 476.07
  • 541.86
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кеденде 20 жыл жатқан Шагалдың туындысы Франциядағы мұражайға тапсырылды

Кеденде 20 жыл жатқан Шагалдың туындысы Франциядағы мұражайға тапсырылды

Марк Шагалдың «Скрипка ұстаған акробат» атты гравюрасы кеден қоймасында 20 жыл бойы сақталып, Францияда алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды

  • 27 Шiлде
  • 3
Фото: Бейнелеу өнері мұражайы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер туындысы 2006 жылы Швейцария шекарасында тәркіленген. Картинаны Франциядан алып шығуға қажетті құжаттар болмаған. Осыған байланысты туынды кеден қоймасына жіберілген.

Бұл гравюра 20 жылдан кейін Безансондағы Бейнелеу өнері мұражайына тапсырылды. Көпшілік бұл картинаны биыл қыркүйек айынан бастап тамашалай алады. 

Айта кетейік, Франция тұрғыны Пикассоның 1 млн еуро тұратын картинасын 100 еуроға сатып алды.

Сондай-ақ Лондонда Пикассо, Климт және Модильяни картиналары 270 млн долларға аукционға шықты.