“Кеш болмай тұрғанда кешіріңіз”: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 473.4
  • 539.39
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Кеш болмай тұрғанда кешіріңіз”: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады

“Кеш болмай тұрғанда кешіріңіз”: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады

Әнші Айгүл Иманбаева әкесімен арадағы қарым-қатынасы туралы жан сырын ақтарды.

  • 28 Шiлде
  • 10
Фото: www.instagram.com/aigul_imanbayeva

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бала кезінде ата-анасының екі жаққа кеткенін айтып, арада ондаған жыл өткен соң әкесімен қайта қауышқанын айтты.

“Менің өмірім сіздердің көз алдарыңызда өтіп жатыр. 4-5 жасар бала күнімде ата-анам екі жаққа кетті. Мұны “артық драма” дерсіз, бәлкім. Бірақ арада 40 жыл өткенде, мен әкеммен қайта қауыштым. Сол сәтте ғана екі қанатым түгелденіп, жүрегім толыққандай күй кештім”, – деп жазды Айгүл Иманбаева.

Сондай-ақ әнші ата-анасымен арада өкпе-реніші бар адамдарды кеш болмай тұрғанда татуласуға шақырды.

“Егер сіздің де басыңызда осындай өкініш пен өкпе болса, менің тағдырым сізге сабақ болсыншы. Кеш болмай тұрғанда, ата-анаңыздың көзінің тірісінде жүректегі өкпені жіберіп, кешіріңіз. Кешірім сұрап та үлгеріңіз. Себебі шынайы кешірім, адамға шексіз бақыт пен жан тыныштығын сыйлайды”, – деді әнші.