Тоқаев Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 473.59
  • 544.68
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланды Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күнімен құттықтады.

  • 2 Тамыз
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Aqorda-ға сілтеме жасап хабарлайды.

– Бұл атаулы күн Швейцарияның бай тарихи мұрасын танытып, демократиялық тұғырының беріктігін және елдің бейтараптық қағидаттарға ұдайы бейіл екенін көрсетеді, – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қазақстан Швейцариямен достыққа және өзара құрметке негізделген сан қырлы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынына тоқталды. Сондай-ақ сауда, инвестиция, қаржы және білім салаларындағы ықпалдастықтың оң динамикасын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Швейцария халқына құт-береке тіледі.