Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Мен жастарға “олай арабша киінбеңдерші” деймін. Біз дәл қазір Муфтият болып Меккеге барып медресе аштық делік. Қыздар медресесін оқытып, қазақтың кимешегін кигізіп қойдық. Солай арабтың қыздарын оқытып жатсақ, сол жақтың Муфтиі бізге не деп қарайды? “Мынауың не? Арабтың қыздарын қазақша киіндіріп қойғаның не” деп қарсы шығады”, — деп айтты профессор.
Сондай-ақ, ол сұхбат барысында “қазір заманына қарай киінуге болатынын” айтып өтті.
”Исламда жабық болсаң болды. Пайғамбарымызға да орамал парыз болған уақытта әйелдер етегін кесіп алып басына жапты ғой. “Анау, мынау” деген жоқ, әйтеуір басын жапты. Құранда “Хиджаб” деген сөз жоқ, “хумр” деп айтылады, басқаша айтылады”, — деді исламтанушы-ғалым.