"Шаштары боялған, қолдарында алтын": Үкіметтің балаларға берген көмегіне қарсы шыққан көп балалы аналар сынның астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.08
  • 536.52
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шаштары боялған, қолдарында алтын": Үкіметтің балаларға берген көмегіне қарсы шыққан көп балалы аналар сынның астында қалды

"Шаштары боялған, қолдарында алтын": Үкіметтің балаларға берген көмегіне қарсы шыққан көп балалы аналар сынның астында қалды

Әлеуметтік желіде Атырау мен Шымкент өңірлерінде «Мектепке жол» көмегіне қатысты ата-аналардың наразылығы туралы видео тарады.

  • 11 Тамыз
  • 3
Фото: Instagram/abdulla_kzkz

Көпшілік бұл жолы Үкіметті кінәламай, олардан көмек сұраған көп балалы аналарды қатаң сынға алған, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясы – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына дайындалуға қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік көмек.

Десе же Шымкент пен Атырауда аталған көмекке үміт артқан ата-аналар арасында наразылық пайда болды. Көпбалалы аналардың айтуынша, берген өтініштеріне жаппай бас тарту туралы жауап келіп жатыр.

Ата-аналар әлеуметтік қолдауға не себепті қол жеткізе алмай отырғандарын түсіндіруді сұрап, даулы видео жариялаған.

Көпшілік олардың бұл әрекетін қатаң сынға алып, ақшаны Үкіметтен емес, үйдегі күйеулерінен сұрауды талап еткен.

Биыл қанша оқушыға көмек көзделген?

Биыл оқу жылы қарсаңында 450 мыңға жуық баланы қамту үшін жергілікті бюджеттерден шамамен 23 млрд теңге бөлінген. Ал, бір балаға берілетін көмектің ең төменгі мөлшері 50 851 теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. Жергілікті бюджет мүмкіндігіне қарай кейбір өңірлерде төлем көлемі бұдан да көп болуы мүмкін.

Айта кетейік, қаржылай көмек жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған оқушыларға беріледі.