Алматы облысының тауларында біраз уақыт жатқан мәйіт табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының тауларында біраз уақыт жатқан мәйіт табылды

Алматы облысының тауларында біраз уақыт жатқан мәйіт табылды

Алматы облысының Талғар ауданындағы Северцов мұздығында туристер тобы адам мәйітін анықтады.

  • 19 Тамыз
  • 1
Фото: Анастасия Ахметова / Facebook

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға туралы әлеуметтік желі қолданушысы жазды.

— 16 тамызда менің беларусь достарым біздің таулардағы екі апталық саяхаттан кейін төменге түсіп, Северцов мұздығынан адам сүйектерін тапқанын айтып, бейнежазбасын жіберді. Біз бірден 109 қызметіне хабарластық және берілген нөмірге мекенжай, фото мен видеоны жібердік, — деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Алматы облысының тауларында біраз уақыт жатқан мәйіт табылды
Фото: Анастасия Ахметова / Facebook

Десе де, ол адам мәйітін эвакуациялау мәселесі әлі шешілмей отырғанын мәлімдеді. Бұл жағдайға қатысты Алматының төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді.

— Бұл өтініш өңдеуге қабылдады. Қазіргі уақытта ақпарат нақтыланып жатыр. Бекітілген процедураларды ескере отырып, одан арғы іс-қимылдар тәртібі полиция қызметкерлерімен келісіледі. Соның ішінде оқиға орнына шығу, тексеру жүргізу және тиісті дерекқорларды тексеру мәселелері қамтылады, — деп хабарлады төтенше жағдайлар депаратаменті.

Сонымен қатар барлық мән-жай анықталып, жағдай бағаланған соң, одан кейінгі іс-қимылдар туралы шешім қабылданатыны хабарланды.