”Малсыңдар”: Димаш Құдайберген әйелге қол көтеретін еркектерді қатаң сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Малсыңдар”: Димаш Құдайберген әйелге қол көтеретін еркектерді қатаң сынға алды

”Малсыңдар”: Димаш Құдайберген әйелге қол көтеретін еркектерді қатаң сынға алды

Әлемге әйгілі әнші Димаш әйелдерге қол көтеретін еркектерді қатаң сынға алды.

  • 19 Тамыз
  • 1
Фото - видеодан скрин

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Әйелді сабап, оны мақтаныш көретіндер, қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер? Жұдырықтарың әйелдерге ғана жүретін болса, сендер еркек емес — малсыңдар, болды. Әйелге әлімжеттік жасап абырой жинаймын деу — адамдықтың ең төменгі шегі”, — деді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысы Меркі ауданыныңда тұрған Өзбекстан азаматын өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жазба авторының мәліметінше, марқұм әйелден 8 айлық сәби қалған. Қайтыс болардан аз уақыт бұрын ол құрбысына күйеуімен болған жанжал туралы айтып берген.

Желіде жарияланған хат алмасуда әйел күйеуінің «Барни» шоколадты батончикке қатысты болған жанжалдан кейін өзіне қол көтергенін жазған. Оның айтуынша, күйеуі балаға тәтті әкелген. Әйел сол батончиктердің бірін жегеннен кейін ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындаған.