Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Мен он бес жылдан бері күресіп келе жатқан теріс ағымдардың нәтижесін ұлтымыз енді көріп жатыр!
Көздерің жетті ме?!
Қайдасыңдар, тек қыздардың шүберегімен, тек қатындармен алысып жүрген «ағалар»?
Кекіріп отырып, делебелерің қозып, уағыз айтып, тек қыздарды ғана жазалайтын әңгіме айтатын едіңдер ғой. Міне, сол уағыздарыңның нәтижесін көріңдер!
«Сақалды, келте балақтылардан не зиян көріп жатырсың?» — дейтін едіңдер.
Міне, ұлтқа тигізіп жатқан зардабы!
Тәрбилеген жігіттеріңнің әлдері тек қатындарға ғана жететін дәлелдеп жатыр!
Ал оларды тек қатындармен алыстырып қойған — мына сендер!
Өліп жатқан әйелдердің бәріне сендер кінәлісіңдер!
Қыз кезінде жайнап жүрген гүлдерді біртіндеп өлтіріп жатыр.
Міне, сәләфиттер мен уахабиттердің еңбегі осы!
Мен осындай миы уланған теріс ағымдылармен күресіп жүргенде:
«Сен діннің дұшпанысың!» — деп мені аямайтын едіңдер.
Енді не дейсіңдер?
Қаншама өлген қыздың құқығын қорғап жүрген заңгер ретінде айтайын: бұл — бер жағы ғана!
Бұл өмірде әйелді нәпсілеріңді қандыратын жай ғана жануарға теңеп, әйелді адам емес, зат ретінде көрсететін едіңдер!
Тозақта әйелдер көп, Жұмақта бізді «қор қыздар» күтіп алады деп бөсетіндерге әйел адам жай ғана мал сияқты.
Ұнамады ма — қорлайды, ұрсады, жазалайды. Тіпті бауыздап тастауға дейін барады.
Бір еркектің ашуы әйелдің өмірінен бағалы болып кеткен елде өмір сүру қандай қорқынышты!
Ұлттық қауіпсіздік комитеті-Оянамыз!
Мен әйел адамның өмірі қорғалатын қауіпсіз елде өмір сүргім келеді!
Бізде сәләфилер мен уахабиттер қайта күшейіп жатыр.
Қазір маска киіп, сахнаға қайта шыға бастады.
Бүгін «қазақ қыздарын аялау керек» деп басқаша сайрай бастады.
Бірақ мен олардың бұрынғы уағыздарын да, бұрынғы көзқарастарын да ұмытқан жоқпын!
Бүгін әйелдеріміздің басынан өтіп жатқан қасіретке қарап, ойланыңдар!
Бұлар әйелді ғана жоймайды.
Бұлар отбасын жояды.
Отбасымен бірге ұлтты жояды.
Өйткені ұрпақ көбейтетін, бала тәрбиелейтін әйел жойылса — ұлттың өзі жойылады!
Сондықтан бұл жай ғана әйел мәселесі емес. Бұл ұлттың мәселесі”, — деп жазды заңгер.
Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысы Меркі ауданыныңда тұрған Өзбекстан азаматын өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Марқұмның құрбысының мәліметінше, марқұм әйелден 8 айлық сәби қалған. Қайтыс болардан аз уақыт бұрын ол құрбысына күйеуімен болған жанжал туралы айтып берген.
Желіде жарияланған хат алмасуда әйел күйеуінің «Барни» шоколадты батончикке қатысты болған жанжалдан кейін өзіне қол көтергенін жазған. Оның айтуынша, күйеуі балаға тәтті әкелген. Әйел сол батончиктердің бірін жегеннен кейін ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындаған.