Бекасыл Асамбек еркін күрестен U20 әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бекасыл Асамбек еркін күрестен U20 әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Бекасыл Асамбек еркін күрестен U20 әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 әлем чемпионаты жалғасуда.

  • 21 Тамыз
  • 1
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еркін күрестен Бекасыл Асамбек 61 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында жапониялық Ицуки Енасироны жеңді. Осылайша ақтық сынға өтті.

Асамбек алтын жүлде үшін өтетін айқаста АҚШ өкілі Аарон Джеймс Сейделмен кездеседі.

Айта кетейік, финал бүгін, 21 тамызда өтеді.