"Келінді бәрімізге керіліп жатып, жұмсау бұйырсын": Тойда тілек айтқан тағы бір ененің тосты елдің ашуына тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Келінді бәрімізге керіліп жатып, жұмсау бұйырсын": Тойда тілек айтқан тағы бір ененің тосты елдің ашуына тиді

"Келінді бәрімізге керіліп жатып, жұмсау бұйырсын": Тойда тілек айтқан тағы бір ененің тосты елдің ашуына тиді

Ол жаңа түсіп жатқан келінді "керіліп тұрып жұмсауға" шақырған, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы. Желі неге шулады? Естерің

  • 21 Тамыз
  • 1
Фото: Instagram/ulyslive

Ол жаңа түсіп жатқан келінді «керіліп тұрып жұмсауға» шақырған, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Желі неге шулады?

Естеріңізде болса, бұл тойда тост айтып, елдің ашуын келтірген бірінші жағдай емес. Бұған дейін тойда әйел адамдарды ұрғашыға теңеп, кейін қамауға алынған сақалды азамат туралы хабарлаған едік.

Көптің аталған тостқа наразылық танытуының тағы бір себебі — қазақ қыздарының отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болып, өз жарларының қолдарынан қаза болуы. Әсіресе, соңғы рет Меркіде болған оқиға — соның дәлелі.

Тостта не айтылған?

Видеода егде жастағы ененің «Келінді керіліп тұрып жұмсауға жазсын» деген тілегі елдің ашуына тиген. Олар желіде түрлі пікірлерін жаудырып жатыр.

Бір Барни — бір қазақ қызының тағдыры

Айта кетейік, Меркіде 19 жастағы Мадина Рашидқызының өлі денесі табылып, жақындары оны күйеуі мен енесі аяусыз ұрып өлтірді деп айып тағып отыр.

Десе де, ауылдағы қарт әжейлер отбасының ондай емес екенін айтып, тағы да жұрттың ашуына тиген еді.

Қазіргі таңда аталған іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Көпшілік оқиғаның қалай өрбитініне алаңдаушылық білдіріп жатыр.