Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Менің бұл жазбам — біреудің өмірінен хайп табу немесе біреудің өліміне айып тағу емес. Мен жылағанда ел жұбатты, ел жылағанда мен жұбатпаймын ба?
Мақсат керіс те, жеңіс те емес. Жанымның ауырып, жүрегімнің сыздап отырғаны — ана баласыз қалды, сәби анасыз қалды, бір жүректің соғуы тиылды, бір гүлдің тамыры қиылды…
Ана жүректегі жарақатты ешкім өшіре алмайды, солған гүлді ешкім қайта өсіре алмайды, қоғам қатігездікті кешіре алмайды…», — деп жазды ол.