Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Мына әннің Дастан бытыштын шығарыпты, бірінші рет естіп тұрмын. Төлеген ағамыздың өзі өз әнін танымай қалған шығар. Мен Дастанды қатты жақсы көремін, бірақ әнші деген өзіне жарасатын, келетін әнге “иә” деу керек немесе “жоқ” деу керек. Кім сұраса да, айтса да бас тарту керек еді. Мынау не өзі? Масқара”, — деді Түсіпбаева.
Еске сала кетейік, “Қимай сені барамын” әнінің сөзін Шөмішбай Сариев, ал әнін Төлеген Мұхамеджанов жазған. Әннің алғашқы орындаушысы Меруерт Түсіпбаева әнді алғаш рет 90-шы жылдары орындаған.