Биылға мұнай өндіру жоспары 2 млн тоннаға қысқартылды – Энергетика министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылға мұнай өндіру жоспары 2 млн тоннаға қысқартылды – Энергетика министрлігі

Биылға мұнай өндіру жоспары 2 млн тоннаға қысқартылды – Энергетика министрлігі

Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдардың салдарынан елімізде мұнай өндіру көлемі 98 млн тоннадан 96 млн тоннаға дейін қысқартылды.

  • 25 Тамыз
  • 1
Фото: Жасанды интеллект

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингіде Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

— Қаңтарда, одан кейін маусым-шілде айларында жалғасқан шабуылдардың салдарынан шамамен 3,5 млн тонна мұнай жоғалттық. Осыдан кейін ТШО акционерлері күрделі жөндеу жұмыстарын жасамау туралы шешім қабылдады. Келесі жылға ауыстырылды, — деді министр. 

Оның атап өтуінше, келесі жылы NCOC операторының кен орындарында да жөндеу жұмыстарын жүргізуге шешім қабылданған.

— Біз биыл 98 млн тонна мұнай өндіруді жоспарланған едік. Қазір жоспар 96 млн тоннаға түзетілді. КҚК-ға жасалған шабуылдан өндірілмеген мұнай көлемі 3,5 млн тоннаны құрайды, — деді Ерлан Ақкенженов.