"Жүрекке толқыныс сыйлаған күн": Жазира Байырбекова қуанышты жаңалығымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 462.31
  • 536.09
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жүрекке толқыныс сыйлаған күн": Жазира Байырбекова қуанышты жаңалығымен бөлісті

"Жүрекке толқыныс сыйлаған күн": Жазира Байырбекова қуанышты жаңалығымен бөлісті

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті.

  • 1 Қыркүйек
  • 4
Фото: Видеодан скриншот. Коллаж: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі қызының алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа барғанын айтып, жүрекжарды тілегін арнады.

«Бүгін мен үшін ерекше, жүрекке толқыныс сыйлаған күн.

Даратайым алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қадам басты. Кеше ғана балабақшаға қолынан жетектеп апарған кішкентай қызым, бүгін білім атты үлкен әлемнің есігін ашып тұр.

Қадамың құтты болсын, құлыным! Білім жолың ашық, болашағың жарқын болсын! Әрдайым жүзіңнен күлкі, жүрегіңнен мейірім, бойыңнан әдеп пен тәрбиені жоғалтпағайсың.

Алғашқы қоңырауың құтты болсын, Даратайым! Мектеп табалдырығын нық басып, білімнің биік шыңдарын бағындыра бер, балапаным!» – деп жазды әнші.

Жазира Байырбекованың қуанышын желі қолданушылары да бөлісіп, бүлдіршінге ақ тілектерін жаудырды.

«Қадамы құтты болсын!», «Білімді қыз болсын», «Алғашқы қадамы сәтті болсын», «Болашағы жарқын болсын», «Алла зейінін ашсын» деген пікірлер қалдырды.