Қызылордада күріш алқаптарынан 50 мың балық шабағы құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 458.45
  • 531.39
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада күріш алқаптарынан 50 мың балық шабағы құтқарылды

Қызылордада күріш алқаптарынан 50 мың балық шабағы құтқарылды

Қызылорда облысында күріштік алқаптарда судың тартылуына байланысты шабақты құтқару шаралары басталды

  • 2 Қыркүйек
  • 1
Фото: Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, сондай жұмыс Жалағаш ауданында атқарылды. Жұмыс барысында Шәменов ауылдық округінің күріштік алқаптарынан шамамен 20 мың балық шабағы құтқарылып, белгіленген тәртіпке сәйкес Бәйбіше көліне жіберілді.

Қызылордада күріш алқаптарынан 50 мың балық шабағы құтқарылды
Фото: Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

– Қазалы ауданының Ақтан батыр елді мекені маңындағы қашыртқы каналынан 30 мың балық шабағы құтқарылды. Оның 10 мыңға жуығы – табан, қалғаны – мөңке. Балық шабақтарының бір бөлігі резервтегі Тұздыкөл көліне, сондай-ақ Сырдария өзеніне жіберілді. Бұл жұмысқа 8 адам және 2 техника жұмылдырылды, – делінген хабарламада.

Бұл іс-шара су биоресурсын сақтау, оның табиғи популяциясын тұрақтандыру және күріштік алқаптарды игеру кезеңінде балық ресурсына төнген залалды азайтуға бағытталған.