"Сене алар емеспіз": Әйгілі Лео Мессидің ел құрамасынан кетіп, елмен қоштасқан соңғы видеосы миллиондарды жылатты - kaz.caravan.kz
  • $ 462.31
  • 536.09
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сене алар емеспіз": Әйгілі Лео Мессидің ел құрамасынан кетіп, елмен қоштасқан соңғы видеосы миллиондарды жылатты

"Сене алар емеспіз": Әйгілі Лео Мессидің ел құрамасынан кетіп, елмен қоштасқан соңғы видеосы миллиондарды жылатты

Күні кеше атақты Леонель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтағанын мәлімдеген еді.

  • 1 Қыркүйек
  • 1
Фото: Instagram/leomessi

Әлем жұртшылығы оны қимай шығарып салып, жылап қоштасты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Әлеуметтік желілерде футбол жанкүйерлерін жылатқан видео тарады. Кадрларда Аргентина құрамасының капитаны Лионель Мессидің ұлттық құрамадағы мансабын аяқтап, жанкүйерлерімен қоштасқан сәттері көрсетілген.

Естеріңізде болса, 31 тамызда 39 жастағы Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтайтынын ресми түрде мәлімдеді. Футболшы бұл шешімді 2026 жылғы әлем чемпионатының финалынан кейін қабылдағанын айтты. Финалда Аргентина Испаниядан 0:1 есебімен жеңілген болатын.

Айта кетейік, Месси Аргентина құрамасында 21 жылдан астам уақыт өнер көрсетті. Осы кезеңде ол 207 матч өткізіп, 125 гол соқты. Футболшы 2021 және 2024 жылдары Америка кубогын, ал 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатын жеңіп алды.

Футболшының шешімі Аргентинада үлкен эмоция тудырды. Жанкүйерлер әлеуметтік желілерде Мессиге алғыстарын айтып, оның ұлттық құрамадағы ең жарқын сәттерінен видеолар мен суреттер жариялап жатыр. Бір тәулік ішінде аталған видео миллиондаған қаралым жинап, әлем жұртшылығын жылатты.