Непалдағы су тасқыны: 1003 адам қаза тапты, 600 жұмысшы туннельде жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 458.45
  • 531.39
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Непалдағы су тасқыны: 1003 адам қаза тапты, 600 жұмысшы туннельде жатыр

Непалдағы су тасқыны: 1003 адам қаза тапты, 600 жұмысшы туннельде жатыр

Непалдың Қытаймен шекаралас аймағында өткен аптада болған жойқын су тасқынынан кемінде 1003 адам қаза тапты

  • 2 Қыркүйек
  • 1
Фото: Kathmandupost.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

3900-ден астам адам әлі із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Олардың арасында Тришули өзені бойындағы су электр станцияларының лайға толған ауқымды туннельдер желісінде қалып қоюы мүмкін 600-ден астам жұмысшы бар. Қазір инженерлер туннельдерге ауа жіберіп жатыр.

Құтқарушылар тобы туннельдердің біріне кіріп үлгергенімен, жер астынан ешкімді таппаған.

Непал Премьер-министрі Балендра Шахтың айтуынша, дүйсенбі күні электр станцияларынан 279 адам құтқарылған.

Құтқару операциясын Қытай мен Непал әскери қызметшілерінен құралған халықаралық топ жүргізіп жатыр. Оған Үндістан, Корея және Аустралия мамандары да қатысып жатыр.

Непал электр энергиясын өндіруде гидроэнергетикаға айтарлықтай тәуелді. Ел көптеген жыл бойы таулы өзендер бойында гидроэнергетикалық жобаларды дамытып келеді.

Билік мәліметінше, су тасқынынан пайдалануға берілген және құрылысы жүріп жатқан кемінде 11 гидроэнергетикалық жоба зақымданған.

Өткен демалыс күндері құтқарушылар туннельдерге ауа айдай бастаған. Алайда жер астында қалған жұмысшылардың туыстары мұны ертерек жасау керек болғанын айтып отыр.

Непал үкіметінің басшысы құтқару операциясы күшейтілетінін мәлімдеп, жойқын су тасқынын жаһандық климаттың өзгеруімен байланыстырды.