Қостанайдағы колледжде «Матушка Земля» әнінің шырқалуы көпшіліктің ашуын туғызды - kaz.caravan.kz
  • $ 458.45
  • 531.39
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдағы колледжде «Матушка Земля» әнінің шырқалуы көпшіліктің ашуын туғызды

Қостанайдағы колледжде «Матушка Земля» әнінің шырқалуы көпшіліктің ашуын туғызды

1 қыркүйек күні Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде өткен салтанатты жиында ресейлік «Матушка Земля» әні шырқалды.

  • 2 Қыркүйек
  • 1
Screenshot

Оқу орнындағы жиыннан түсірілген видео қазақстандықтардың наразылығын тудырды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Видеода студенттердің оқу орнының аумағында тұрғаны, сол жерлен «Матушка-земля» әнінің әуені естілгені көрінеді.

Ән мәтінінде: «Матушка-земля, белая берёзонька… Для меня — Святая Русь, для других — занозонька» деген жолдар бар.

Жазба авторы бұл әнді пропагандалық сипаттағы шығарма деп атап, колледж басшылығын жауапкершілікке тартуды талап етті.

«Әрине, бұл ән. Бірақ жай ән емес, пропагандалық сипаттағы ән. ҚСТК басшылығын жұмыстан шығаруды талап етемін», – деп жазды автор.

Жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында пікірталас туғызды. Бірі Қазақстандағы оқу орнында ресейлік композицияның таңдалуына наразылық білдірсе, енді бірі бұл жай ғана танымал ән екенін айтты.

Желі оқырмандарының пікірі мынадай болды:

Threads желісінен скрин
Threads желісінен скрин