19 адам терроризм үшін сотталды - ҰҚК - kaz.caravan.kz
  • $ 458.45
  • 531.39
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
19 адам терроризм үшін сотталды - ҰҚК

19 адам терроризм үшін сотталды - ҰҚК

Қазақстанда үш айда террористік және экстремистік қылмыстары үшін 19 адам сотталды.

  • 2 Қыркүйек
  • 1
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Тағы 28 адам терроризмді насихаттау, діни араздықты қоздыру және тыйым салынған материалдарды тарату күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  ҰҚК сілтеме жасап.

Солардың бірі, Алматы қаласының тумасы 2017 жылдан бастап халықаралық террористік ұйымдарынының іс-әрекетіне қатысқаны үшін іздеуде жүрген. Түркияда табылған болатын. Ол жақтан 2025 жылы елге депортацияланып, қылмыстық іс аясында қамауға алынған. Сот шешімімен  8 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Одан басқасы, Шымкент қаласының тұрғыны қоғамдық желілерде терроризм идеологиясын насихаттап, таныстарды зорлық-зомбылық акцияларға шақырған. Ол 9 жылға сотталды.

Осы кезең аралығында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Манғыстау және Түркістан облыстарында жедел-іздестріру шаралары нәтижесінде 28 тұлға ұсталды.

Олар терроризмді насихаттаған, діни араздықты қоздырған, интернетте және өздерінің айналасында тыйым салынған материалдарды таратқан және экстремисттік ұйымына қатысқан деген күдікке ілінді.

Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

сотрудники КНБ и задержанный ҰҚК баспасөз қызметінің фотосы

сотрудники КНБ и задержанный ҰҚК баспасөз қызметінің фотосы

сотрудники КНБ и задержанныйҰҚК баспасөз қызметінің фотосы

Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚІЖК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.