"Аянбай еңбек етемін": Гимнасшы Әлия Юсупова сүйінші жаңалығымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.85
  • 513.46
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Аянбай еңбек етемін": Гимнасшы Әлия Юсупова сүйінші жаңалығымен бөлісті

"Аянбай еңбек етемін": Гимнасшы Әлия Юсупова сүйінші жаңалығымен бөлісті

Танымал гимнасшы Әлия Юсупова көпшілікке сүйінші жаңалығымен бөлісті.

  • 23 Қыркүйек
  • 1
Фото: Instagram/aliya_yussupova15

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Құрметті отандастар! Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына ендім. Бұл — мен үшін зор мәртебе, әрі үлкен жауапкершілік!

Маған сенім білдіргені үшін Мемлекет басшысына үлкен ризашылығымды білдіремін! Бар біліммен, жинаған тәжірибеммен еліміздің даму жолында аянбай еңбек ететін боламын!», — деп жазды ол.