Марқұмның туыстары оның қайтыс болар алдында басшылық тарапынан моральдық және психологиялық қысымға ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Марқұмның туыстары болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты, объективті және тәуелсіз тексеруді талап етуде Олардың айтуынша, Аянға қызмет барысында тұрақты түрде моральдық және психологиялық қысым көрсетілген. Сондай-ақ оған тәртіптік жаза қолданылған және қызметтік пәтерден мәжбүрлеп шығару мәселесі көтерілген.
Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша Сот әкімшілігі департаменті Аянға қызметіне байланысты қысым көрсетілді деген ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, тәртіптік жаза еңбек тәртібін бұзғаны үшін белгіленген тәртіппен қолданылған. Қызметтік тұрғын үйден шығару туралы шешім қабылданбаған.
Ведомство өкілдері оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталатынын атап өтті.
Қазіргі таңда Осы факті бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Аян Дүйсековтің артында жұбайы мен екі кішкентай баласы қалды.