"Басқа сыймайтын олқылық, кішкентай баланың қателігі": Аслан Қаженов қаршадай қазақ қызын алтыннан айырғандар туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 441.88
  • € 503.61
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Басқа сыймайтын олқылық, кішкентай баланың қателігі": Аслан Қаженов қаршадай қазақ қызын алтыннан айырғандар туралы

"Басқа сыймайтын олқылық, кішкентай баланың қателігі": Аслан Қаженов қаршадай қазақ қызын алтыннан айырғандар туралы

Танымал спорт журналисі Аслан Қаженов Япония өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық спортшы қыздың алтын медалін алып алған жайтқа қатысты өз ойын ортаға салды.

  • 28 Қыркүйек
  • 1
Фото: Facebook/слан Қаженов

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Жауаптылар неге үнсіз?! Ясмина Тоқсанбаева алтынынан айырылды. Болмайтын қателіктен. Жарыс алаңына киетін аяқ киімді дұрыс таңдамапты. Негізі бұл спортта тыйым салынған препарат қолданып, допингке іліксе немесе спорттық жүру ережесін бұзып, жүгіріп кетсе дисквал берілетін. О баста осыдан қорыққанмын. Жоқ. Мында басқа сыймайтын олқылық. Кішкентай баланың қателігі.

Біріншіден, жеңіл атлетика федерациясы неге осы моментті ескермеген және неге тиісті аяқ киіммен қамтымаған? Екіншіден, жауапты мамандар проблема туындағанда жедел араласып, неге тиісті деңгейде шешіп тастамады? Халықаралық қатынастар қайда? Қолдау қайда? Қорғау қайда? Негізі қазақ қызы таза жүгіріп өтті. Айқын басымдықпен жеңді. Бірақ, қолда бар алтыннан айырылып отыр. Қысқасы, жауап беріңдер! Осындайда қырылмасаң, осындайда қоштамасаңдар, осындайда бірікпесең, мың қырық бір болып жүргеніңнен не қайыр?!», — деп жазды ол.