"Күйік ішке түсіп кеткен": Жанболат Найзабеков анасы туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 440.86
  • € 500.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күйік ішке түсіп кеткен": Жанболат Найзабеков анасы туралы айтты

"Күйік ішке түсіп кеткен": Жанболат Найзабеков анасы туралы айтты

Танымал актер Жанболат Найзабеков анасының денсаулығына қатысты ауыр жағдайды айтып берді.

  • 1 Қазан
  • 114
Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында анасының көзі көрмей қалғанын айтып, бұл жағдайдың өзіне ауыр тигенін жеткізді.

«Стамбулға анамның екі тізесіне операция жасатамыз деп апарғанда дәрігерлер “Мәселе аяқта емес, 3-4 айда анаңның көзі көрмей қалады” деді. Көздің артындағы нерв талшықтарында үзілейін деп бір тамыр тұр екен. Адам көз жанары кеткеннен кейін діріл басталады екен. Жүріп келе жатып, бұрылыстарда бұрыла алмайды. Алдыңғы төрт баламды да өзі бесікке бөлеп, өзі шомылдырып, баққан еді. Бесінші ұлым Мұхаммед дүниеге келгенде анам: “Немеремді көрмей отырмын, дауысын естимін. Түу, көре алмаймын”, – дейді. Жүрегі ауырады. Мен шыдай алмай шығып кетемін. Өзімше әрекет жасағым келеді. Бұл да сынақ қой. Әкем: “Ұста пышаққа жарымайды. Мен көз дәрігерімін, бірақ әйелімнің көзі көрмейді”, – деп айтады. Анамның көзі көріп жүргенде: “Балам, байысаң, Дубайға апаршы”, – деген еді. Анау күні сөйлесіп отырып: “Мама, амалсыз деген осы екен ғой. Мен сізді қазір қалаған жағыңызға апара аламын. Бірақ мен апарған жерді сіз көрмейсіз ғой”, – деймін», – деді актер.

Жанболат Найзабеков анасының көру қабілетінің нашарлауына коронавирус пандемиясы кезінде болған қайғылы оқиғалар да әсер еткенін айтты.

«Анамнан ішіңіздегіні шығара алмай қалған кезең болды ма деп сұрадым. Коронавирус кезінде туған інісі мен келіні қайтыс болды. Жоқтау айта алмадым дейді. Күйік ішке түсіп кеткен. “Айқайлап інім мен келінімді жоқтай алмадым, күйік ішке түсіп кетті ме, 2-3 күннен кейін көзім бірден нашарлай бастады”, – деп айтты. Бәрін іште сақтай берген. Ол — анамның жұмсақтығы, жаратылысы сондай», – деді өнер иесі.