Аудан әкімінің үш жыл іздеуде жүрген ұлы қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аудан әкімінің үш жыл  іздеуде жүрген ұлы қолға түсті

Аудан әкімінің үш жыл іздеуде жүрген ұлы қолға түсті

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғабит Мүсірепов ауданының бұрынғы әкімі Қырым Жекебаевтың ұлы 3 жыл іздеуде жүріп ақыры қолға түсті. Әкесі ауданды басқарып тұрған жылдары ол ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, қарақшылықпен және адам ұрлаумен айналысқан. 

  • 25 Қазан 2012
  • 325
Фото - Caravan.kz

Аудан әкімінің өзі пара алғаны үшін бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған болатын. Енді оның ұлы да темір торға тоғытылды.10 адамнан құралған бұл топ 2007-2010-шы жылдар аралығында Мүсірепов ауданы тұрғындарының зәре құтын қашырып, алтын бұйымдарын, ақшаларын тартып алып отырған. Дегендеріне көнбегендерді жертөлеге қамап, бір-бірімен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлепті. Бұл арсыз әрекеттерін қарақшылар таспаға түсіріп, осы арқылы бопсалаушылықпен де айналысқан. 2 жыл бұрын қылмыскерлердің 8-і жауапқа тартылып, 7 жылдан 17 жылға дейін арқалаған еді. Ал оларға жетекшілік еткен Асан Жекебаев осы уақытқа дейін елдің оңтүстігі мен Астана қаласында бой тасалап жүріпті.


Спартак Қабденов, СҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

— Біраз жыл іздеді полиция қызметкерлері, бірақ нәтиже болған жоқ. Осы жолы Астана қаласына келгендігі туралы ақпарат түсті. Туыстарының үйінде қолына кісен салынды. Қазір тергеу абақтысына қамалды.

Соңғы жаңалықтар