Ресейлік актерлер Назарбаев туралы 3D трилогияға түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік актерлер Назарбаев туралы 3D трилогияға түседі

Ресейлік актерлер Назарбаев туралы 3D трилогияға түседі

Теміртау қаласында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірін баяндайтын «Көшбасшы жолы» атты трилогияны түсіру жалғасып жатыр.

  • 1 Қараша 2012
  • 472
Фото - Caravan.kz

«Трилогия тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде, Украина мен Эстонияда да түсіріліп жатыр. Онда Нұрсұлтан Назарбаев 1962 жылы Хельсинкийдегі Дүниежүзілік жастар фестиваліне бара жатқан кеме бортында Юрий Гагаринді жолықтырады», — делінген Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталында жарияланған хабарламада.

Сценарий бойынша фильмдегі оқиғалар 1959-1965 жылдар аралығында өтеді.
Қазір «Арселор-Миттал Теміртау» АҚ аумағында фильмнің ауқымды көріністері түсіріліп жатыр. Мысалы, ең бірінші шойынның құйылу сәті, салтанатты жиын мен өндірістегі апат сынды көріністер сол жерде сахналануда.
«Өнердің құдіретімен 60-жылдарға қарай шегініс жасадық. Домна пешінің алдында кеңестік ұрандар мен транспаранттар желбіреп, трибунада Лениннің портреті пайда болды. Әріректе «Победа» көлігінің бүйірі бұлтиып тұр. Салтанатты митинг көрінісіне 700 адам қатысты», — делінген хабарламада.
Көрермендер кино картинадан Виктор Сухоруков, Сергей Шакуров, Юрий Соломин сынды ресейлік жұлдыздарды көре алады.
Авторлар фильмді 3D форматына көшіруді көздеп отыр.
Картина көрермен назарына 2013 жылы ұсынылуы тиіс.